Kleffmann Group

«Kleffmann Group» - ауылшаруашылығындағы идеялардың жүзеге асырушысы

Kleffmann Group ауылшаруашылығы нарығының маркетингті зерттеулерді жургізуден 25 жылдық тәжірибесі бар халықаралық компания. Зерттеулерді жүргізудің маманы ретінде біз өз клиенттерімізге ауылшаруашылығының түрлі салалары бойынша ақпараттарды ұсынамыз:

Жыл сайын 200 000-нан астам ауылшаруашылық тауар өндірушілерінен алынған ақпараттардың көмегімен клиенттерге жергілікті және әлемдік нарықтың динамикасын көрсететін деректерді ұсынамыз.

Amis® платформасы ауылшаруашылық тауар өндірушілерінен алынған сұхбат нәтижесінде пайда болған дақыл, тұқым және өсімдікті қорғау препараттары туралы ақпаратты қамтиды. Amis® сандық және сапалық деректерден біріктірілген, мұндай ақпараттар біздің клиенттерімізге ауылшаруашылық нарығындағы жағдайды жақсы түсінуге көмектеседі.

Сонымен қатар, Kleffmann Group өз клиенттеріне арнайы мамандандырылған зерттеу шешімдерін кең көлемде қамтылған ақпараттарды ұсынады. Тәжірибе мен біліміміздің көмегімен клиенттерімізге ауылшаруашылығының барлық салаларына бағытталған жаңа идеялар мен жобалар әзірлеп қана қоймай, өз бизнесіңізді жергілікті немесе әлемдік деңгейде жузеге асуына көмектесеміз. 


Тарихы

Компания 1990 жылы Бурхард Клеффманның бастауымен құрылған.«Kleffmann Group» жұмысын алғаш рет Германияда тұқымдар мен өсімдікті қорғау препараттарына арналған зерттеулерден бастады. Бірнеше жылдан кейін компания халықаралық нарыққа кірді. Қазіргі уақытта Kleffmann Group Еуропа, Азия-Тынық мұхиты аймағында, Австралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінде тұрақты қызмет атқарып, әлемнің 70-тен астам елінде жұмыс жасайды. Компания ауылшаруашылық нарығын зерттеумен қатар, өз клиенттеріне кешенді нарық шешімдерін әзірлеумен айналысатын жетекші маманға айналған. Компанияның халықаралық желісі әлемнің әртүрлі өңірлерінде 18 филиалдан және көптеген бизнес-серіктестерден тұрады. 

Ұранымыз, міндетіміз, құндылықтарымыз

Біздің ҰРАНЫМЫЗ: "Фактілерден де көп"                                                  

МІНДЕТІМІЗ - өз клиенттерімізге тиімді шешімдерін жасауға мүмкіндік беретін бірегей және сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету.

Қызметкерлердің еңбегі компанияның басты ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ болып табылады. Қызметкерлер қандай қиындықтармен күресететіндігі, нені ұстанатындығы, қалай жұмыс жасайтындығы, қандай ұстанымға сүйенетіндігі, жалпы қоғам мен серіктестер үшін өз орнын алатын қарым-қатынасты баяндайды.