Өсімдіктерді Қорғау Препараттары

Сіздің нарықта өз орныңызды алатын дұрыс стратегияңыз бар ма? Ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер өсімдікті қорғау препараттарын сатып алу кезінде қандай шешім қабылдайтынын білесіз бе? Неге олар сіздің брендіңіздің тауарларын таңдайды? Өсімдіктерді қорғау препараттары қашан және не үшін қолданады? Өсімдіктерді қорғау препараттарын жеке немесе басқа препараттармен бірге араласып қолданады ма?    

amis® платформасы өсімдіктерді қорғау нарығының 100 000 - нан астам ауыл шаруашылық өндірушілерінің сауалнамаларына негізделген деректерді ұсынады. Толықтай камтылған ақпараттар жинағы клиенттерімізге нарықтың нақты жағдайын, сондай-ақ ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз тұтынушыларының тауарларды қаншалықты қолданатынын жергілікті және жаһандық  деңгейде білуге көмектеседі.

Азия-Тынық мұхит аймағында, Австралияда, Таяу Шығыста немесе Африкада орналасқан күрделі ауылшаруашылық құрылымы бар елдерге (саяси шектеулер, нарықтық монополия, нарықтың әлсіздігі және т.б.)  -  amis® платформасын толықтыратын amis®Trend бөлігін ұсынамыз. Ол өз кезегінде сарапшылармен сұхбат барысында алынған бағалы маркетингті ақпараттардан құралады.     

Үлкен тәжірибеміздің көмегімен нарықтың қазіргі жағдайындағы соңғы ақпараттарды өңдеумен катар, нарықтағы жаңа бағыттарды бағалап және оларға талдау жасап, сіздің бәсекелестеріңіздің  деңгейімен салыстырамыз. 

 

Егер сізге қысқа мерзімде нақты ақпараттардан құралған қысқа зерттеулер жүргізу қажет болса, біздің айрықша арнайы мамандандырылған зерттеу жобалары қажетті сауалдарға жауабын табуға көмегін тигізеді. 

Дүниежүзі бойынша ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен тығыз әрекеттесуіміздің арқасында, өнімдерді сатып алу, олардың мінездемелеріне талдау жасап, әрбір бренд тауарларын бағалауға және оларды дұрыс таңдау үшін шешім қабылдауға әсер ете аламыз.   

Біз сізді қызықтыратын барлық сұрақтарды терең талдап, дұрыс стратегиялық шешімдерді қабылдауға негіз бола аламыз.


Kleffmann Group өнімдері мен қызметтері туралы қосымша ақпарат алу үшін біздің қызметкерлерге хабарласыңыз.

 

Айнұр Әбдіқазғанова                                                                                  Аmis жобаларының менеджері                                          ainur.abdikazganova@kleffmann.com                                                             Тел: +7 (701) 870 7011