amis®AgriGlobe®

Өсімдікті қорғау препараттары мен тұқым саласындағы әлемдік деректер қоры

amis®AgriGlobe® - нарық тенденцияларымен және консалтингті қызметтермен айналысатын Kleffmann Group-тың алғашқы өнімі. Ауылшаруашылығының түрлі салалары бойынша консалтингті қызмет көрсетумен қатар, дүниежүзілік өсімдікті қорғау препараттары мен тұқымдардың кең ауқымды деректер қорын біріктіреді. amis® AgriGlobe® құралы қолданушыларға әлемнің 75 елінен жиналған сенімді статистикалық ақпараттарды тиімді қолдануды ұсынады. amis®AgriGlobe® - Kleffmann деректері мен жергілікті сарапшылардан алынған ақпараттарды байланыстыратын әлемдік нарықтың жалғыз дерекқоры. 

amis®AgriGlobe® - бұл нарық туралы ақпарат ғана емес, сонымен қатар қолданушыларға стратегиялық жоспар құруға және талдау жасауға мүмкіндік беретін кешенді құрал.

Артықшылықтары

  • Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінен тікелей түсетін және ақпараттың үнемі өсуіне негізделген жалғыз әлемдік нарық деректер жинағы
  • Әлемдік тұқым мен пестицидтер нарығы жайында, соның ішінде дамушы нарықтар мен өтпелі экономикасы бар елдер туралы деректерді қамтиды
  •  Әр түрлі нарық жағдайларын ыңғайлы және қарапайым талдау, тікелей салыстыру үшін арналған инновациялық бағдарламалық платформа
  • Деректерді тереңірек талдауға көмектесетін, жергілікті және халықаралық сарапшыларынан тұратын тәжірибелі, білікті командасынан қолдау алу

Kleffmann Group өнімдері мен қызметтері туралы қосымша ақпарат алу үшін біздің қызметкерлерге хабарласыңыз